20 қарашада Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 17:00-де 455,32 теңге болды. Бұл 19 қарашадағы көрсеткіштен 6,19 теңгеге жоғары, деп хабарлайды ult.kz.
Ұлттық банк 20 қарашаға доллардың ресми бағамын 448,72 теңге деп белгіледі. Бір еуро 493,86 теңге, Ресей рублі 5,49 теңге, Қытай юані 67,31 теңге болды.
Биржада еуроның орташа бағамы 5,96 теңгеге өсіп, 499,88 теңгеге жетті. Юань 68,12 теңге, ал рубль шамамен 5,56 теңге болды.
Kapital.kz дерегінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллардың ең жоғары сату бағамы 460 теңге, ал Алматыда 458 теңге болды.