Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Оманда бір отбасының төрт мүшесі жол апатына түсті: барлығына ота жасалды

Оманда бір отбасының төрт мүшесі жол апатына түсті: барлығына ота жасалды
Astana TV

Қазақстанның төрт азаматы Оманның Салала қаласында жол апатына түсіп, ауруханаға жеткізілді. Қазір оларды елге қайтару мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Апат 15 қарашада болған. Зардап шеккендер – бір отбасының мүшелері: әжесі, атасы, анасы және кәмелетке толмаған қызы. Төртеуіне де ота жасалған.

Туристік компания Air Astana мен Kazunion Tour Operator-дан науқастарды елге медициналық талаптарға сай жеткізуге көмектесуді сұраған.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқиғаның бақылауда екенін мәлімдеді. Дипломаттар зардап шеккендермен және емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста. Қазақстандықтарды елге қауіпсіз қайтару жолдары қарастырылып жатыр.