Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда заңсыз қару-жарақ қоймасы әшкереленді: 45 атыс қаруы тәркіленді

Қазақстанда заңсыз қару-жарақ қоймасы әшкереленді: 45 атыс қаруы тәркіленді
ҰҚК баспасөз қызметі

Қазақстанның 10 облысы мен Шымкент қаласында заңсыз қару айналымына қатысты операция жүргізіліп, нәтижесінде 45 атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  мәліметінше, соңғы екі айда Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында заңсыз қару сақтау және айналымға қатысты деректер анықталған.

«Жалпы 45 бірлік атыс қаруы, оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша, сондай-ақ 10 граната мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.