Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Мына ісің ұят болды”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпесін айтты

“Мына ісің ұят болды”: Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпесін айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші әрі композитор Марат Омаров “Анашым” әніне қатысты Нұрлан Өнербаевқа тағы да реніш білдірді. Ол бұл жолы пікірін Threads желісінде жазды, деп хабарлайды ult.kz.

Омаров бұл мәселені бұған дейін журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында да қозғаған еді. Оның ренішіне Өнербаевтың концерттердің бірінде “Анашым” әні туралы айтқан сөзі себеп болған.

“Әннің кімнің әні екенінде, сөзін кім жазғанында елдің шаруасы жоқ. Бұл Нұрланның әні”, – деген Өнербаев.

Бірақ видео осы сөзден кейін кесіліп қалған. 

Омаров әріптесінің осы сөзіне Threads желісінде жауап берді.

“Мына ісің ұят болды. Өзгенің еңбегін өз атынан иемдену – өнер адамына сын. Ар мен абырой бәрінен биік болуы керек!” – деп жазды композитор.

Айта кетейік, Жазира Байырбекова маңызды мәлімдеме жасады. 

https://www.threads.com/share/BAEkUDii_t

Марат Омаров кім?

Марат Әбдіұлы Омаров – қазақтың әнші-композиторы, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі. Ол 1959 жылы 16 сәуірде қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданының Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Шымкент облыстық филармониясының “Ауылым – әнім” ансамблінде әнші, Қазақ телевизиясында музыкалық редактор болып жұмыс істеген.

Омаровтың “Әке арманы”, “Алғашқы махаббат”, “Қыз сыны”, “Сыңарым” және “Әнші балапан” әндері елге кеңінен танылған.

"Анашымның” әуенін Марат Омаров, сөзін ақын Қайрат Жұмағалиев жазған. Бұл әнді Нұрлан Өнербаев ұзақ жылдар бойы орындап келген.