Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ақбота-Нұрдың жұмбақ суреті желіде талқыға түсті

Ақбота-Нұрдың жұмбақ суреті желіде талқыға түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Instagram парақшасында ер адаммен бірге түскен суретін жариялады. Өнер иесінің суретке қосқан екі ауыз сөзі желі қолданушыларын қызықтырды, деп хабарлайды ult.kz.

Фотода ер адамның жүзі анық көрінбейді. Ақбота-Нұр оның есімін атамай, суреттің астына “Махаббат, JM” деп жазған.

Пікір қалдырғандардың біразы “JM” әріптеріне қарап, суреттегі адам әнші Мирас Жүгінісов болуы мүмкін деп жорамалдады. Енді бірі Ақбота-Нұрға бақыт тіледі.

“Әнші Мирас емес пе екен?”, “Мен білемін, бірақ айтпаймын”, “Кім болса да жақсы жігіт болсын”, – деп жазды оқырмандар.

Ақбота-Нұр әзірге суреттегі адамның кім екенін және “JM” әріптерінің нені білдіретінін ашып айтпады.

Айта кетейік, Құралай ханым Қабатовтың екінші әйелін сынады. 

Ақбота-Нұр кім? 
 

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет — қазақстандық әнші әрі актриса, KeshYou тобының бұрынғы солисі. Ол 1996 жылы 22 қазанда дүниеге келген. Балалық шағы Кентауда өтіп, сонда жеті жыл скрипка үйренген. Кейін Алматыда музыкалық білім алған.

2015 жылы KeshYou тобының құрамына қосылды.

Бір жылдан кейін режиссер Асқар Ұзабаевтың “Гламур для дур” фильмінде алғаш рет рөл сомдады. Кейін “Тақиясыз періште” телехикаясы мен “Қалай да той жасау” фильміне түсті.