Әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында оқырмандарынан Алматыда сынықшы білетін-білмейтінін сұрады, деп хабарлайды ult.kz.
“Алматыдан сынықшы кім біледі? Жанболатқа тез арада керек”, – деп жазды әнші.
Жазба оқырмандарын алаңдатты. Өнер иесі Жанболатқа сынықшы не үшін қажет болғанын жазбасында ашып айтпады.
Айта кетейік, Ақбота-Нұрдың жұмбақ суреті желіде талқыға түсті.

Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова кім?
Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова — қазақ эстрадасының әншілері әрі ерлі-зайыпты. Олар Алматыдағы эстрада-цирк колледжінде оқып жүргенде танысқан. Кейін шаңырақ көтеріп, 2002 жылдан бастап “Жанболат пен Жазира” дуэті болып өнер көрсете бастады.

Жанболат Ербатыров 1973 жылы Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген. Ол көпшілікке Жазирамен бірге орындаған әндері арқылы кеңінен танылды. Дуэттің репертуарында махаббат пен ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген құрметін жырлайтын әндер көп.
Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген өңірінде туған. Бала кезінен ән айтып, мектептің домбыра оркестрінде ойнаған. Аудандық және облыстық байқауларға қатысып, кейін “Кеш жарық” телебағдарламасында әпкесі Ләззатпен бірге ән шырқаған. Алғашқы репертуарында туған ағасы Ербол Байырбековтің “Сүйгеніңді бағала” және “Арманым” әндері болған. 2010 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін бітірген.

Дуэттің көпшілікке кең тараған әндерінің қатарында “Асыл жарым” мен “Біз ғашық жандармыз” бар. 2012 жылы Жанболат пен Жазира Петропавлдағы концертін “Асыл жарым” әнімен ашқан. Жазира бұл әнді ынтымағы жарасқан отбасыларға арнағанын айтқан.