Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мексикада Димаш Құдайбергенге WBC-дің арнайы белбеуі табысталды

Мексикада Димаш Құдайбергенге WBC-дің арнайы белбеуі табысталды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы құрмет белбеуіне ие болды. Марапаттау рәсімі Мексиканың астанасы Мехикода өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Белбеуді әншіге WBC елшісі кіші Гектор Сулейман, Әлихан Жарылғапов және кеңестің өзге де өкілдері табыстады.

Димашты марапаттау туралы бастаманы WBC президенті Маурисио Сулейман көтерген. Ол рәсімге өзі қатыса алмады.

“Қазақстаннан – бүкіл әлемге. Мехикода Димаш Құдайбергенге WBC-дің арнайы белбеуін табыстау – мен үшін үлкен мәртебе. Ол – әлемдік сахнаның чемпионы”, – делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Марат Омаров Нұрлан Өнербаевқа өкпесін айтты. 

Димаш Құдайберген кім?

Димаш Құдайберген – қазақстандық әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі. Толық аты-жөні – Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген. Ол 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында әншілер Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаеваның отбасында дүниеге келген.

Димаш 2015 жылы Беларусьтің Витебск қаласында өткен “Славян базары” халықаралық ән байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. 2017 жылы Қытайдағы “Singer” телебайқауында екінші орын алып, халықаралық аудиторияға кеңінен танылды.

2023 жылы оған “Қазақстанның халық әртісі” атағы берілді. Кейін ол Қырғызстанның да халық әртісі атанды.