Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Олжас Абайдың бұрынғы жары қиын кезеңдері туралы сыр шертті

Олжас Абайдың бұрынғы жары қиын кезеңдері туралы сыр шертті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Олжас Абайдың бұрынғы жары Айора ән жазып, шығармашылықпен айналысқан кезеңінде анасы екі баласына бір жыл қарағанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Айораның сөзінше, сол кезде оған шығармашылық пен бала күтімін қатар алып жүру қиын болған. Анасы екі баланы өзі қарайтынын айтып, қызына қолдау көрсеткен.

“Өзімізді де тәрбиеледі, сондықтан ешқандай күмән болмады. Анама көп рақмет айтқым келеді”, – деді Айора.

Айта кетейік, Мексикада Димаш Құдайбергенге WBC-дің арнайы белбеуі табысталды. 

Олжас Абай кім?

Олжас Абай (Жанабеков) – қазақстандық актер, әнші әрі продюсер. Ол 1991 жылы туған. 2011 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітіріп, кейін Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген.

Актер көрерменге “Қара шаңырақ” телехикаясы мен “Брат или брак” комедиясы арқылы танылды. Сондай-ақ “Сиситай” және “Класстастар” фильмдеріне түсті. 2023 жылы жарық көрген “Таптым-ау сені” комедиясында Дариға Бадықовамен бірге ойнады. Әншілік өнерде ол “Очоу” (Ochooou) сахналық атымен де таныс.

Олжас Абай мен бұрынғы жұбайы, Айора есімімен танылған әнші Аймира Аманның Алтайыр және Әл-Фараби есімді екі ұлы бар.