Сенбі, 21 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс пен оңтүстікте жел күшейіп, оңтүстіктің кей аудандарында найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада түнде −6…−4 °C, күндіз +4…+6 °C болады. Жауын-шашын күтілмейді, бірақ арагідік тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматыда түнде +4…+6 °C, күндіз +14…+16 °C, жауын-шашынсыз. Екі қалада да желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Шымкентте түнде +11…+13 °C, күндіз +18…+20 °C. Ара-тұра жаңбыр жауып, жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы басым, кей жерлерде тұман түседі. Ақмола мен Солтүстік Қазақстанда көктайғақ күтіледі. Кей аудандарда түнде ауа температурасы −13 °C-қа дейін төмендейді. Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады.
Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында жаңбыр жауады, ал Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде жаңбыр мен қар аралас жауады. Батыс Қазақстан облысында жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жамбыл мен Қызылорда облыстарының кей аудандарында жаңбыр жауады. Түркістан облысында жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Алматы облысында жауын-шашынсыз, ал Жетісуда Алакөл маңында жел екпіні 17–22 м/с болады.