Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

9 жастағы бала әкесінің көлігін айдап, көшеге шыққан

9 жастағы бала әкесінің көлігін айдап, көшеге шыққан
ашық дереккөз

Қызылорда облысының Арал қаласында 9 жастағы баланың әкесінің көлігін жүргізгені анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде баланың рөлде отырған сәті түсірілген бейнежазбаны анықтаған.

Оқиға күндіз Арал көшелерінің бірінде болған. Бейнежазбаны тексеру барысында баланың «Toyota Sienna» маркалы автокөлікті басқарғаны белгілі болды.

Тексеру кезінде көліктің баланың әкесіне тиесілі екені анықталды. Нәтижесінде ата-анасы баланың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен айыппұл салынды.