20 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен шығыстың көп бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Елдің бірқатар өңірінде тұман түсіп, солтүстік пен солтүстік-батыста көктайғақ болады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада түнде −4…−2 °C, күндіз +3…+5 °C болады. Түнде және күннің бірінші жартысында аздап жаңбыр мен қар жауады. Түнде көктайғақ болып, ара-тұра тұман түседі. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Алматыда түнде +4…+6 °C, күндіз +13…+15 °C. Жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғады. Шымкентте түнде +9…+11 °C, күндіз +18…+20 °C болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарының кей жерінде жаңбыр мен қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей бөлігін тұман басады. Абай облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Батыста Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдар тайғақ болады. Күндіз облыстың батысы мен орталығында желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. Маңғыстаудың кей бөлігінде тұман түсіп, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында да тұман күтіледі.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Алматы мен Қызылорда облыстарының кей бөлігінде тұман түседі. Жетісуда Алакөл маңында жел 17–22 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, Алматы және Жетісу облыстарының кей бөлігінде өрт қаупі жоғары.