Кешегі концерттегі оқиғадан кейін Корея мен Гонконгтағы концерттердегі crowd management жүйесі есіме түсті. Азияның көптеген елдерінде үлкен іс-шараларда адамдарды қақпаның алдына еркін жинамайды. Арнайы барьер арқылы бір адам ғана сыятын ұзын кезек жолақтары queue lanes жасалады. Адамдар арнайы күту аймағына тәртіппен жиналып, кейін ішке кезең-кезеңімен өткізіледі. Бұл жердегі мақсат кезекті әдемі ұйымдастыру ғана емес адамдардың тапталу қаупін азайту.
2022 жылы Хеллоуин кезінде Сеулдің Itaewon ауданында 159 адам тапталып, қайтыс болған еді. Осы жағдай адамдар бір-бірін әдейі итермесе де, олардың бір жерге өте тығыз орналасуы қаншалықты қауіпті екенін бүкіл әлемге көрсетті. себебі мұндайда адамның өз қозғалысын бақылауы қиындайды. Қысым бір адамнан екіншісіне беріледі.
Сондықтан Кореяда кейін ірі іс-шараларда адам көп шоғырланатын жерлерде қауіпсіздік талаптарына ерекше мән беріле бастады.
Мысалы, BTS-тің Сеулдегі үлкен концерттерінде жүздеген мың адам жиналуы мүмкін болғандықтан, real-time crowd monitoring жүйесі іске қосылды. Концерт басталмас бұрын барлық телеарналардан қала тұрғындарына қауіпсіздік шарттары ескертілді. Бірнеше бақылау аймағы, полиция, медициналық пункттер және адамдар ағынын бөлу жүйелері жұмыс істеді.
Ал Гонконгтағы ірі концерт алаңдарында, мысалы AsiaWorld-Expo шарасын тұрып көретін көрермендер арнайы күту аймағынада кезек нөмірі бойынша орналастырылып, кейін сол реттік санымен ішке кіргізілді.
Біздің де осы тәжірибелерден үйренеріміз көп. Өйткені үлкен концерттің қауіпсіздігі тек сахнадағы күзеттен немесе полиция санынан тұрмайды. Ең маңыздысы адам ағынын алдын ала дұрыс жобалау. Қақпа ашылған соң мыңдаған адам бір уақытта алға ұмтылуы үлкен қауіп.
Абзалында
Сондықтан ұйымдастырушылар концерт басталмай тұрып емес, адамдар жинала бастаған сәттен бастап қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. Кіреберістегі қауіпсіздік менеджментінің жоспары болуы тиіс. Көрермендерді бір адам сияқтын ғана жолақтармен өткізу барьерлері, бірнеше кіру нүктесі, дәл осы шара бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер, кірушілерді бақылаудан өткізу бәр-бәрі қарастырылуы міндетті.
Ал көрермендер бір-бірін итермей, асықпай жылжу шарт. Концертке бірінші болып кіру маңызды емес — ең бастысы, концерттен аман-есен шығу.