Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында ел күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)

Сұлтан Сәрсемәлиевтің сотында ел күтпеген жағдай болды (ВИДЕО)
Коллаж: видеодан кадр

Кеше, 8 шілде күні Сұлтан Сәрсемәлиев ісі бойынша кезекті сот отырысы өтуі тиіс еді. Алайда техникалық себептерге байланысты сот процесі уақытында басталмады, деп хабарлайды ult.kz.

Сотқа қатысушылардың мәліметінше, бір отбасының төрт мүшесін өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот отырысы техникалық ақауларға байланысты кешігіп жатыр.

Бұл іс 2025 жылдың соңында Атырау облысында болған қайғылы оқиғадан кейін қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы бұрынғы жұбайының туыстары – қайын атасы, қайын енесі, әйелінің ағасы мен әпкесін өлтірді деген күдікке ілінген. Бұдан бөлек, оған жәбірленушілердің бірінің атына заңсыз несие рәсімдеді және өзге де қылмыстық құқықбұзушылықтар жасады деген айыптар тағылған.

Прокуратураның дерегінше, қылмысқа бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы балалардың тұрғылықты жері, оларды тәрбиелеу мәселесі және ұзаққа созылған отбасылық жанжал себеп болған.

Іс материалдарында Сәрсемәлиев пен бұрынғы жұбайының 2016 жылы некеге тұрғаны, олардың бес баласы бар екені көрсетілген. Кейін ерлі-зайыптылар ажырасып, балалар анасымен қалған.

Іс 2026 жылдың мамыр айынан бері сотта қаралып келеді. Осы уақытқа дейін өткен отырыстарда прокурор айыптау актісін жариялап, айыпталушы өз ұстанымын білдірген. Кейінгі тыңдауларда айыптау мазмұны нақтыланып, тараптардың бұрынғы отбасылық қарым-қатынасына қатысты мән-жайлар да зерттелді. жария етілді.