Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

1,2 млрд теңге заңсыз кіріс: Кенді заңсыз өндіріп, үлескерлердің ақшасын пайдаланған

1,2 млрд теңге заңсыз кіріс: Кенді заңсыз өндіріп, үлескерлердің ақшасын пайдаланған
ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз кен өндіріп, алкоголь сақтаған және үлескерлердің қаражатын мақсатсыз пайдаланғандар анықталды. Қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залал мен заңсыз кіріс көлемі миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды ult.kz.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы Қуат Рахимбаев мәлімдеуінше, тиісті лицензиясыз кен өндіріп, оны тасымалдау және сату дерегі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленіп, 1,053 млрд теңге залалды өндіру туралы талап қанағаттандырылды.

Өскеменде заңсыз алкоголь өндіріп, сақтауға пайдаланылған төрт қойма анықталды. Сот шешімімен мүлікті тәркілеу туралы шешім қабылданды.

Ал үлескерлердің ақшасын мақсатсыз пайдаланған құрылыс компанияларына қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл іс бойынша қылмыстық жолмен алынған кіріс көлемі 1,2 млрд теңгені құраған.

Сонымен қатар интернеттегі заңсыз ойын бизнесіне қарсы шаралар жүргізілуде. 2025 жылы онлайн-казино мен құмар ойындарға қатысты 667 сілтеме бұғаттауға жіберіліп, оның 612-сі шектелген. 2026 жылдың басынан бері жолданған 155 сілтеменің 124-і бұғатталды.

Бұдан бөлек, қаржы пирамидалары мен заңсыз криптоайырбастау пункттерінің белгілері бар 300-ден астам сайттың жұмысы тоқтатылды.