Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Ұйықтататын дәрі берген»: Қызылордада жасөспірім қыз туысын зорлады деп айыптады

«Ұйықтататын дәрі берген»: Қызылордада жасөспірім қыз туысын зорлады деп айыптады
Ашық дереккөз

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында 9-сынып оқушысы өгей әкесінің 58 жастағы ағасы бірнеше рет зорлық көрсеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

31-арнаның «Информбюро» бағдарламасының мәліметінше, қыздың айтуынша, ер адам оған ұйықтататын дәрі беріп, ес-түссіз жатқан кезінде қылмыс жасаған.

Жасөспірімнің сөзінше, алғашқы оқиға ер адамның көлігінде болған. Кейін зорлық әрекеті үйде тағы екі рет қайталанған.

Қыздың жақындары полицияға арызданған. Алайда жасөспірім анасы істі тоқтатуға үгіттегенін айтады.

Қазір қыз екі айдан бері кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр.

Полиция аталған дерек бойынша «Зорлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Арызданушы оқиғаның 2024 жылы болғанын көрсеткен. Қазір тергеу жүріп, қажетті сараптамалар тағайындалған.