Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қызметкерін жыныстық әрекетке мәжбүрлеген: экс-комитет басшысы сотталды

Қызметкерін жыныстық әрекетке мәжбүрлеген: экс-комитет басшысы сотталды
ашық дереккөзден

Қазақстан ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің бұрынғы төрағасы, полиция полковнигі Данияр Мейірхан  қызметкерін жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін кінәлі деп танылды. Сот оған 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салды, деп хабарлайды ult.kz.

Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, сот 2025 жылдың сәуірі мен қарашасы аралығында Мейірханның қызметтік лауазымын пайдаланып, өзіне бағынышты әйелге психологиялық қысым көрсеткенін анықтаған. Жәбірленуші жұмыстан айырылып қалудан қорқып, оған қарсы тұра алмаған.

Сотта оның кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, нотариус куәландырған хат алмасулар және маман қорытындысы арқылы дәлелденген.

Данияр Мейірхан Қылмыстық кодекстің 123-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Алайда ол өз кінәсін мойындамаған. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.