Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

510 млн теңгелік контрабанда: Шекарадан 593 мың қорап темекі мен 14 мыңға жуық вейп өткізбек болған

510 млн теңгелік контрабанда: Шекарадан 593 мың қорап темекі мен 14 мыңға жуық вейп өткізбек болған
ашық дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 510 млн теңгеден асатын темекі мен вейп контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды ult.kz.

ҰҚК мәліметінше, қараша айында Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» өткізу пунктінде 593 мың қорап темекіні заңсыз алып өтпек болғандар анықталған.

Бұдан бөлек, Жамбыл облысындағы шекара учаскесінен 13 960 дана вейп табылды. Тәркіленген өнімдердің жалпы құны 510 млн теңгеден асады.

Қазір материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.