Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі тірідей өртеніп кетті

Жанармай таситын көлік аударылып, жүргізушісі тірідей өртеніп кетті
ТЖМ

Шымкенттегі Ташкент тасжолында жанармай таситын көлік аударылып, отқа оранды. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қарашада сағат 15:58-де Тұран ауданында болған. Өрт сөндірушілер келген кезде аударылған көлік пен төгілген жанармай түгелдей өртеніп жатқан.

Құтқарушылар 60 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, көлік кабинасынан ер адамның мәйітін тапты.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.