Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақ күресін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды

Қазақ күресін Азия ойындарының бағдарламасына енгізу ұсынылды
ашық дереккөз

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ұлттық спорт түрлерінің халықаралық деңгейде дамуы туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Министрдің айтуынша, қазақ күресін жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу жөнінде өтініш берілген. Осы мәселе бойынша жуырда Қазақстанға Азия Олимпиада кеңесінің бас хатшысы келеді.

«Қазіргі таңда елімізде 11 ұлттық спорт түрі бар. Бүгінде қазақ күресі мен тоғызқұмалақтан әлемнің 50-ден астам елінде федерациялар құрылған. Жуырда Қазақстанға Азия Олимпиада кеңесінің бас хатшысы келеді. Біз қазақ күресін жабық ғимараттағы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу жөнінде өтініш бердік. Тоғызқұмалақ спорты да елімізде және халықаралық деңгейде қарқынды дамып келеді. Бұл спорт түрінен әлем және Азия чемпионаттары тұрақты түрде өткізіліп жүр. Алдағы уақытта тоғызқұмалақты да халықаралық кешенді спорт жарыстарының бағдарламасына енгізуге күш саламыз», – деді министр.