Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мал ұрлап, гаражда етін саудалаған: екі күдікті ұсталды

Мал ұрлап, гаражда етін саудалаған: екі күдікті ұсталды
ашық дереккөз

Жетісу облысында мал ұрлығының тоғыз дерегі әшкереленді. 13 бас ірі қара мен жылқыны ұрлап, етін саудалаған деген күдікпен Талдықорғанның екі тұрғыны ұсталды. Келтірілген шығын 9,6 млн теңгеден асады, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 41 және 49 жастағы күдіктілер Ақсу және Ескелді аудандарындағы жайылымдардан мал ұрлап, сол жерде сойған. Кейін етін Талдықорғанға жеткізіп, гаражда бөлшектеп, саудаға шығарған.

Алайда полиция күдіктілерді кезекті ұрланған малдың етін гаражға жеткізіп жатқан жерінен ұстады. Оқиға орнынан шамамен 600 келі жылқы еті тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды.

Қазір күдіктілердің 2025–2026 жылдары тіркелген өзге де мал ұрлығына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Екі адам да қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.