Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев “Сүйемін деші” атты фильмінің жарыққа шығатын күні белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісіп, алдағы уақытта көрерменге фильмнің алғашқы бейнематериалдары ұсынылатынын жеткізді.
“Мен сіздермен үшінші жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. “Сүйемін деші” атты киномыздың күні белгілі болды. Алдағы уақытта тизер, трейлерді ұсынамыз. Сол жерден көретін боласыздар”, – деді Дархан Мұсаев.
Алайда ол осы мәлімдемесінде фильмнің нақты қай күні көрсетілімге шығатынын атамады. Картинаның сюжеті мен актерлік құрамына қатысты да егжей-тегжейлі ақпарат бермеді.
Айта кетейік, Дархан Мұсаев фильмінің көрсетілімі туралы тың дерек айтты.
Дархан Мұсаев кім?
Дархан Мұсаев — қазақстандық актер әрі продюсер. Ол Дариға Бадықовамен бірге “Күйеу бала” телехикаясында ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған.

Кейінгі уақытта кино өндірісіне ден қойып, продюсерлік жұмыспен айналыса бастаған. “Сүйемін деші” — оның жаңа киножобаларының бірі.

Көпшілік оны актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жұбайы ретінде де таниды. Мұсаевтың өз мәлімдеуінше, екеуі 2008 жылғы 11 тамызда некеге тұрып, 16 жыл бірге өмір сүрген. Ол 2024 жылдың күзінде ажырасқандарын кейін әлеуметтік желіде жариялаған.