Танымал әнші Бүркіт енесімен қарым-қатынасы туралы айтып, оны неліктен "мама" деп атамайтынын түсіндірді. Өнер иесі бұл туралы «Көреміз» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Әншінің айтуынша, екеуінің жас айырмашылығы небәрі бес жыл болғандықтан, ол енесіне "мама" деп сөйлей алмайды.
"Мама деп айтпаймын. Бұл кісі менен 5-ақ жас үлкен. Қалай мен мама деп айтамын? Міне, менің мамам, біреу-ақ", – деді Бүркіт.
Сұхбат барысында әншінің енесі де қызы Аиша мен Бүркіттің таныстығына қатысты естелігімен бөлісті.
Оның сөзінше, өнер иесі алғашында Аишаны өзінің концертіне шақырған. Осылайша, әншінің болашақ жарымен танысу тарихы да әңгімеге арқау болды.
Айта кетейік, Бүркіт пен Аиша – қазақстандық шоу-бизнестегі танымал өнерлі жұптардың бірі. Екеуі шығармашылықта да, отбасылық өмірде де бірге келеді.
Бүркіт кім?
Бүркіт – қазақстандық танымал эстрада әншісі, композитор, актер, режиссер әрі продюсер. Шын есімі – Айбек Жансейітов. Ол 1978 жылы 12 шілдеде Тараз қаласында дүниеге келген.
Өнер иесі 2002 жылы продюсер Евгений Жағалтаевпен танысқаннан кейін "Бүркіт" сахналық атымен жеке шығармашылығын бастаған. Көпшілікке "На крыльях из серебра", "Медея", "Хабиби" әндері арқылы танылған.
Әншіліктен бөлек, кино саласында да еңбек етіп, 2017 жылы "Логово", 2018 жылы "Загадай желание" фильмдерін түсірген.
2010 жылы әнші Аишаға (Виктория Жансейітова) үйленіп, бүгінде жұбайымен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Өнерлі жұп "Островок", "Туған жер", "Асылым" секілді әндерді бірге орындаған