ШҚО тұрғыны өзен жағасынан XIX ғасырдың сирек револьверін тауып, полицияға тапсырды

ШҚО тұрғыны өзен жағасынан XIX ғасырдың сирек револьверін тауып, полицияға тапсырды
ДВД Карагандинской области

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының тұрғыны өзен жағасынан XIX ғасырға тиесілі сирек кездесетін револьвер тауып, оны полицияға өз еркімен тапсырды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, 43 жастағы ер адам Громотуха өзенінің маңында серуендеп жүрген кезде ескі атыс қаруын байқап қалған. Ол олжасын жасырмай, бірден Риддер қалалық полиция бөліміне хабарлап, қаруды тәртіп сақшыларына өткізген.

ШҚО Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасы жүргізген сараптама нәтижесінде табылған заттың XIX ғасырдың соңында кең қолданылған, калибрі 8 миллиметр болатын Лефоше жүйесіндегі револьвер екені анықталды.

Мамандардың айтуынша, штаттық оқ-дәрілердің болмауына байланысты қарудың атысқа жарамдылығын тексеру мүмкін болмаған. Дегенмен сараптама оның зауытта жасалғанын және тарихи құндылығы бар сирек жәдігер екенін растаған.

Қазіргі уақытта тарихи қару тиісті есепке алынып, сақтауға тапсырылды.