Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қарағандыда цирк әртісі бес метр биіктіктен бетон еденге құлап кетті

Қарағандыда цирк әртісі бес метр биіктіктен бетон еденге құлап кетті
kazgazeta.kz

Қарағандыда цирк қойылымы кезінде жазатайым оқиға болды. Күрделі акробатикалық нөмір орындап жатқан 23 жастағы әртіс шамамен бес метр биіктіктен бетон еденге құлаған. Оқиға көрермендердің көз алдында болғані, деп хабарлайды ult.kz.

Жас жігіт неміс циркінің құрамында өнер көрсеткен. Қойылымның соңына қарай тепе-теңдігін жоғалтып, биіктен құлаған. Қатты соққыдан кейін орнынан тұра алмаған әртіске әріптестері дереу көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол жамбас сүйектерін сындырған.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен азамат профессор Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

«Науқас шұғыл травматология бөлімінде жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланып отыр. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлердің тұрақты бақылауына алынған», – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.