Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қызылордада 58 жануардың өлексесі табылды: қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада 58 жануардың өлексесі табылды: қылмыстық іс қозғалды
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қызылорда қаласында киікке ұқсас 58 жануардың өлексесі анықталды. Оларды «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп тапқан, деп хабарлайды ult.kz.

 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлауынша, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр», – делінген комитет хабарламасында.

Осыған байланысты комитет тұрғындарды табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға және жабайы жануарларды заңсыз аулауға жол бермеуге шақырды.