Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды

Ерсайын Нағаспаев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды
ашық дереккөз

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне кірісті. Мұндай шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасы қабылдады, деп хабарлайды ult.kz.

Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолында мемлекеттік басқару, көлік және инфрақұрылым салаларында түрлі лауазымдарды атқарған. Әр жылдары Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде жұмыс істеген.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтер атқарған. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы болған.

2021–2025 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

Енді ол ұлттық компанияның Басқарма төрағасы ретінде жұмысын жалғастырады.

Еске салайық, Ерсайын Нағаспаев 2025 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. 24 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымынан босатылды.