Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

Игорь Лепеха Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды
ашық дереккөз

Мемлекет басшысының өкімімен Игорь Владимирович Лепеха Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ult.kz.

Игорь Лепеха бұл қызметке 2022 жылғы 6 қазанда тағайындалған болатын.

Ол полиция генерал-лейтенанты. Әр жылдары Қарағанды облысының ішкі істер департаментінде басшылық қызметтер атқарып, ІІМ Әкімшілік полиция комитетін басқарған.