Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Павлодарда екі есірткі курьерінен 3,4 келіден астам психотроптық зат тәркіленді

Павлодарда екі есірткі курьерінен 3,4 келіден астам психотроптық зат тәркіленді
ашық дереккөз

Павлодар облысында есірткі таратумен айналысқан екі күдікті ұсталды. Олардан 3,4 келіден астам психотроптық зат тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның сөмкесінен есірткі салынған брикеттер, ал үйіндегі қоймадан қосымша орамалар табылған. Сондай-ақ есірткіні өлшеп, буып-түюге арналған құралдар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде алынған заттардың жалпы салмағы 1 келі 857 грамм болғаны анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті интернет-дүкеннің курьері болып, есірткіні жасырын орындарға орналастырған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екінші күдікті – Жамбыл облысының тумасы. Одан 1,5 келіден астам психотроптық зат тәркіленді. Қазір ол үйқамақта.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында заңсыз айналымнан 463 келі түрлі есірткі, оның ішінде 14 келі синтетикалық есірткі алынған.