Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

24 млн теңгені алдап алған күдікті Дубайда ұсталды

24 млн теңгені алдап алған күдікті Дубайда ұсталды
24.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол Қытайдан тауар жеткізіп беремін деп уәде етіп, бір отбасының 24 миллион теңгесін иемденген, деп хабарлайды ult.kz.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті Қазақстан полициясының сұрау салуы бойынша БАӘ аумағында қолға түскен.

Қазір ол қамауда. Алаяқтық дерегі бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.