Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Шымкентте есірткі курьері жарты келіге жуық «синтетикамен» ұсталды

Шымкентте есірткі курьері жарты келіге жуық «синтетикамен» ұсталды
Ашық дереккөз

Шымкентте есірткі тасымалдаумен айналысқан ер адам ұсталып, одан жарты келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, қалалық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара барысында күдіктіні қолға түсірген. Тексеру кезінде оның жанынан жалпы салмағы шамамен 500 грамм болатын аса ірі мөлшердегі есірткі заты табылды.

Сондай-ақ күдікті заңсыз әрекетін жүзеге асыру үшін жалға алған пәтерден есірткіні өлшеп, орауға арналған зип-пакеттер, изолента және өзге де құралдар тәркіленді.

Тергеу барысында ер адамның интернет-дүкенде есірткі ораушы әрі курьер болып жұмыс істегені анықталды. Ол тыйым салынған заттарды тасымалдаумен айналысқан.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.