Әнші Ердос Қанаевтың жұбайы отасқандарына 17 жыл толуына орай әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол көпшілікке көрінетін әдемі кадрлардың ар жағында отбасының қуанышы да, қиындығы да барын айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Ерлі-зайыпты 2009 жылдың 19 қарашасында шаңырақ көтерген. Әншінің жұбайы дәл сол күні жазба жариялауға мүмкіндігі болмағанын айтып, кейін отбасылық видео бөлісті.
“Әлеуметтік желіде, әсіресе елімізге танымал адамның отбасы болған соң, көбіне жақсы сәттерімізді ғана көрсетеміз. Бірақ сырт көзге көрінетін сол әдемі кадрлардың артында 17 жылдық өміріміз бар. Оның ішінде бәрі болды. Қуаныш та, қайғы да, түсіністік те, түсінбеушілік те, жеңіс те, жеңіліс те”, – деп жазды ол.
Оның сөзінше, әр отбасының өз тарихы, сыртқа айтыла бермейтін сыры бар. Сондықтан видеодағы сәттерге қарап, олардың өмірі үнемі осылай өтіп жатыр деп ойлау – шындықтың бір бөлігін ғана көру.
“Бізде бірде тату, бірде қырылып өмір сүріп келе жатырмыз”, – деп түйіндеді әншінің жұбайы әзілмен.
Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай ел алдында жанжалдасты.
Ердос Қанаев кім?
Ердос Қанаев – «Жігіттер» квартетінің құрамында танылған қазақстандық әнші. Ол қазіргі Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты Шұбар ауылында туған. Мамандығы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Әншінің өнер жолы 2003 жылы Шымкентте құрылған «Жігіттер» тобымен тығыз байланысты. Квартет сол жылы «Арай-2003» республикалық байқауында бас жүлде алып, кейін «Ерке қыз» әнімен елге кеңінен танылды. Топ алғашқы бейнебаянын 2004 жылы осы әнге түсірген.

Ердос Қанаев пен жұбайы, блогер Айдана Мейірбекова, 2009 жылы отау құрған. Айдана отасқандарына 17 жыл толуына орай отбасылық видео бөлісіп, бірге өткізген жылдардағы қуаныш пен қиындықтар туралы жазды.