Актриса Дариға Бадықова өзі туралы пікір айтқан психолог Шолпан Есмаханбетоваға Instagram-дағы сторисінде тағы да үн қатты, деп хабарлайды ult.kz.
Актриса қазір түсіріліммен жүргенін, кино аяқталған соң бұл әңгімеге қайта оралатынын айтты.
“Осы әйелдің сөзін неге сала бересіңдер? Айттым ғой, кино бітсін, тура қанын ішемін мен оның. Кино біткеннен кейін істейміз. Қазір оған ресурсам жетпейді. Беттен аламын, көресің. Ойнапты менімен, көрсетем ол әйелге әлі”, – деді Бадықова.
Осы кезде Олжас Абаймен ұрсысы жаздайды. Бұған дейін де актриса Есмаханбетованың сыни пікіріне жауап беріп, “Кино бітсін, ісім сенімен болсын” деген еді.
Айнұр Тұрсынбаева Нұрболханның пародиясына өлеңмен жауап берді.
Дариға Бадықова кім?
Дариға Болатқызы Бадықова — қазақстандық актриса, әнші әрі кинопродюсер. Ол 1985 жылы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған. Өзінің айтуынша, театрда студент кезінен, екінші курстан бастап жұмыс істеген.

Көрермен оны “Келінжан” телехикаясындағы Айсара рөлі арқылы таниды. Бадықова кейін осы телехикаяның желісімен түсірілген толықметражды фильмдерде де ойнады. Сондай-ақ “Қазақша бизнес” фильмдер топтамасында Мақпалдың рөлін сомдаған.

2023 жылы жарық көрген “Таптым-ау сені” романтикалық комедиясына продюсерлік етіп, Олжас Абаймен бірге басты рөлдердің бірін ойнады. НТК арнасының дерегінше, фильм кинотеатрларда 1,85 млрд теңге жинаған.