Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Сүмірейіп отырсың”: Айнұр Тұрсынбаева Нұрболханның пародиясына өлеңмен жауап берді

“Сүмірейіп отырсың”: Айнұр Тұрсынбаева Нұрболханның пародиясына өлеңмен жауап берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның айтыстағы мәнерін салып, әзілдеді. Ақын да сөзден тосылмай, әзілкешке өлеңмен жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.

Тұрсынбаева жауабын Нұрболханның халін сұраудан бастап, оны “үсіп қалған алмаға” теңеді. Содан кейін “Мендей болу, сен үшін, арман, арман, арман-ай…” деп әзіл-шыны аралас сөз қағытты.

“Тисе берме аққуға

Қарқылдаған қарғамай.

Айтысатын уақыт жоқ,

Жолың болсын ал, давай!” – деп түйіндеді ақын.

Айта кетейік, Танымал әнші 75 жасына енді толғанда көз жұмды.

Айнұр Тұрсынбаева кім?

Айнұр Тұрсынбаева — қазақтың айтыскер ақыны, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Ол 1977 жылы бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданындағы Көкжыра ауылында дүниеге келген.

Ақын 1991 жылы Қайрат Рысқұлбековке арналған облысаралық айтыста алғаш көзге түсті. 1994 жылы Семейде Абайға арналған оқушылар айтысында бас жүлде алды.

Кейін Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына арналған айтыста екінші орын иеленіп, Иса Байзақов пен Ғабит Мүсіреповтің мерейтойларына арналған республикалық айтыстарда бас жүлде жеңіп алды.