Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы жанкүйерлері қазақша ән шырқады

Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы жанкүйерлері қазақша ән шырқады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Димаш Құдайбергеннің шетелдік жанкүйерлерімен бірге “Тау ішінде” әнін орындаған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрда көрермендердің әншіге қосылып, қазақша ән айтып тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды ult.kz.

Димаш “Тау ішінде” әнін бастағанда, көрермендер де оған қосылды. Видеода әншінің даусымен бірге жанкүйерлердің де ән сөздерін қазақша айтып тұрғаны естіледі. Көпшілік Димашқа деген ықыласын осылай білдірді.

Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мексиканың астанасы Мехико қаласында жеке концерт берді.

Айта кетейік, Мексикада Димаш Құдайбергенге WBC-дің арнайы белбеуі табысталды. 

Димаш Құдайберген кім?

Димаш Құдайберген — әнші, Қазақстанның халық әртісі. Толық аты-жөні — Дінмұхаммед Қанатұлы Құдайберген. Ол 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән айту мамандығы бойынша білім алған. Әкесі Қанат Айтбаев пен анасы Светлана Айтбаева да әнші.

2015 жылы Димаш Беларусьтің Витебск қаласында өткен “Славян базары” халықаралық байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

2017 жылы Қытайдың “I Am a Singer” тележобасында француз тіліндегі “SOS d’un terrien en détresse” әнін орындап, шетелдік тыңдарманға кеңінен танылды. Әлемнің әр еліндегі жанкүйерлері өздерін “Dears” деп атайды.