Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мемлекеттік органдар азаматтарды бір-біріне сілтей алмайды: жаңа талап күшіне енді

Мемлекеттік органдар азаматтарды бір-біріне сілтей алмайды: жаңа талап күшіне енді
egemen.kz

Қазақстанда азаматтардың өтінішін бір мемлекеттік органнан екіншісіне негізсіз жолдау тәжірибесіне тосқауыл қойылмақ. Енді ведомстволар мәселені не себепті өздері шеше алмайтынын және өтінішті басқа мекемеге не үшін жібергенін жазбаша түсіндіруге міндетті, деп хабарлайды ult.kz.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жаңа талап 2026 жылғы 8 қарашадан бастап күшіне енген. Егер өтініш үш реттен артық қайта жолданса, мемлекеттік орган бұл шешімнің заңды негізін көрсетіп, екі ведомствоның да өкілеттіктеріне сілтеме жасауы тиіс.

Мәселе Президент Әкімшілігінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. Жиында азаматтардың формальды жауаптарға және бір мекемеден екіншісіне жіберілуіне жиі шағымданатыны айтылды.

Сондай-ақ мемлекеттік органдарға қайталанатын өтініштердің себептерін анықтап, қызметтерді автоматтандыру және проактивті форматқа көшіру ұсынылды.

Кеңес қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге өтініштерді сапалы қарау, азаматтардың мәселесін жүйелі шешу және шағымдарды негізсіз қайта жолдауға жол бермеу тапсырылды.