Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Сайран көлінің маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылды

Сайран көлінің маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылды
Ашық дереккөзден

Алматыда тұрғын үйлердің арасынан қару мен оқ-дәрі жасырылған орын анықталды. Полицейлер тапаншаға ұқсас зат пен патрондарды тәркіледі, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жасырын орын Сайран көлінің маңындағы Садовников көшесінде, жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтан табылған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, табылған зат газды қару болуы мүмкін. Қазір оның қайдан келгені, кімге тиесілі екені және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.

Оқиға орнына Әуезов аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы барып, тексеру жүргізді. Қару мен оқ-дәрілер заңда белгіленген тәртіппен тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.