Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

23 қараша күні ауа райы қандай болады?

23 қараша күні ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

23 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді. Елдің қиыр шығысында жауын-шашын күтілмейді. Астана, Шымкент және барлық 17 облысқа дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде +3…+5 °C, күндіз +6…+8 °C болады. 

Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы +6…+8 °C шамасында болса, күндіз +16…+18 °C-қа дейін көтеріледі. 

Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +11…+13 °C, күндіз +22…+24 °C болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.