Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ертеңге арналған ауа райы болжамы

Ертеңге арналған ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Жексенбі, 22 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің оңтүстік-батысында нөсер күтілсе, шығысында жауын-шашынсыз болады. Кей өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, ал оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы −2…0 °C, күндіз +6…+8 °C болады. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. 

Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтілмейді. Алматыда түнде +5…+7 °C, күндіз +15…+17 °C болады, оңтүстіктен 3–8 м/с жел соғады. Шымкентте түнде +8…+10 °C, күндіз +18…+20 °C күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с болады. 

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында мезгіл-мезгіл нөсер жауады. Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірде жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.