Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Салғырттық танытты”: Рүстем мен Жанаргүл ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді

“Салғырттық танытты”: Рүстем мен Жанаргүл ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Рүстем мен Жанаргүл Жаныамановтар ұлдарының қазасынан кейін алғаш рет сұхбат берді. Жанар Байсеміздің подкастында ерлі-зайыпты баласының ауруханада өткізген айларын еске алды. Рүстем емге қатысты әлі де көкейінде сұрақ барын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Жанар Байсеміздің айтуынша, ерлі-зайыптының ұлы бұған дейін ауыр дерттен айыққан. Кейін ол басқа ауруға шалдығып, тоғыз ай бойы ауруханада жатқан. Жүргізушінің сөзінше, баланың беті бері қарағанымен, ол емделіп жатқан дертінен өзге себептен көз жұмған. Жүргізуші өлімнің нақты себебін атамады.

“Ұлымның жансыз денесі жатты. Салғырттық та бар. Қазір айтатын болсам, мемлекеттік мәселе көтеріледі. Қандай химия салып жатқаны әлі көбіне жұмбақ”, – деді Рүстем Жаныаманов.

Сұхбатта ерлі-зайыпты ұлынан айырылғаннан кейінгі өмірі мен қайғыны қалай қабылдағаны туралы да әңгімеледі.

Айта кетейік, Медеу Арынбаев құпиясын ашты. 

Рүстем Жаныаманов кім?

Рүстем Жаныаманов — қазақстандық актер, театр режиссері және кинопродюсер. Ол көпшілікке “Хабар” арнасындағы “Келінжан” телехикаясында Қылышбекті сомдауымен танылды. Осы рөлі үшін 2023 жылы “Nauryz” ұлттық телесериалдар бәйгесінің “Екінші пландағы үздік актер” аталымына ұсынылды.

Жаныаманов 2007 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін, 2012 жылы академияның режиссура факультетін тәмамдаған. Режиссер Болат Атабаевтан тәлім алған. Театрда да режиссерлік қызмет атқарып, 2017 жылы Мемлекеттік қуыршақ театрында екі спектакль қойған.

Актер “Сержан братан” веб-сериалында Сержанның жас кезін сомдаған. Сондай-ақ “Ағашки по вызову”, “Жаным, ты не поверишь!” және “Операция «Алтын адам»” фильмдерінде ойнаған. 2024 жылы “Сен маған керексің” фильмінің продюсері болып, басты рөлдердің бірін ойнады. Бұл туындыға жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова да түскен.

Ерлі-зайыпты “Көзіме шөп салма” фильмінде де бірге ойнаған. Рүстем осы жобаның продюсері. Фильмнің премьерасы 2026 жылғы 3 желтоқсанға жоспарланған.

Рүстем мен Жанаргүлдің тұңғыш ұлы Нұрмұхамет 2026 жылғы маусымда дүниеден өтті. Ерлі-зайыпты ұлдарының қазасынан кейінгі алғашқы сұхбатын Жанар Байсемізге берді.