Танымал актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов TikTok-та жариялаған видеосында бұрынғы некелері туралы сөз қозғады. Өнер иесі екі рет ажырасқаны жайлы жұбайы Динара Абдуллинаның сұрағына әзілмен жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.
Видеода Динара әңгіме арасында актерден “Бақытты үш әйелден іздедіңіз бе?” деп сұрады.
Сәбит Әбдіхалықов жауабында бұрынғы некелерін қазіргі отбасылық өмірімен байланыстыра әзілдеді.
“Алдыңғы екеуі мені саған дайындап берген”, – деді актер жұбайына.
Айта кетейік, Олжас Абайдың бұрынғы жұбайының жаңа әні талқыға түсті.
Сәбит Әбдіхалықов кім?
Сәбит Әбдіхалықов – қазақстандық театр және кино актері, режиссер, продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ол 1973 жылы 1 тамызда қазіргі Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы өнер оқу орнын театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген.

Әбдіхалықов әр жылдары “Бауыржан-шоу”, “Тамаша” және “Мафия мен Тақия” театрларында өнер көрсетті. 2015 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры болды. 2018 жылы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрының директоры болып тағайындалды.