Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Олжас Абайдың бұрынғы жұбайының жаңа әні талқыға түсті

Олжас Абайдың бұрынғы жұбайының жаңа әні талқыға түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы, әнші Аймира Аман жаңа әнін көпшілікке ұсынды. Оның сахнада ән орындаған видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Желі қолданушыларының пікірінше, туындыда әкесінің қамқорлығынсыз қалған балалар туралы айтылады. Кей тыңдарман әннің мазмұнын Аймираның жеке өмірімен байланыстырып, пікір қалдырған.

Аймира Аман мен Олжас Абайдың екі ортақ баласы бар.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың әйелі алаңдатарлық жазба жариялады. 

Олжас Абай кім?

Олжас Абай — қазақстандық актер әрі әнші. Ол 1991 жылы 8 шілдеде туған. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын актер мамандығы бойынша тәмамдаған.

Көрерменге «Қара шаңырақ» телехикаясы арқылы танылды. Кейін «Бәсеке», «Әулет», «ОтТегі», «Таптым-ау сені 2» және «Брат или брак 3» секілді жобаларға түсті.

Ол әншілікпен де айналысады. 2016 жылы «Бомба» әніне бейнебаян түсірген. Бұрынғы жұбайы, әнші Аймира Аман екеуінің екі ұлы бар.