Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұлы Нарұлдың соңғы кезде жүрек соғысына шағымданып жүргенін айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Актрисаның айтуынша, Нарұл кейде жүрегі жиі, кейде баяу соққандай сезінетінін айтқан.
“Соңғы уақытта Нарұл жүрегіне шағымданып жүр. Кейде тез соғып тұрғандай, кейде керісінше сезінемін дейді. Уайымдап біттім”, – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Айта кетейік, Олжас Абайдың бұрынғы жары қиын кезеңдері туралы сыр шертті.
Жұлдыз Әбдікәрімова кім?
Жұлдыз Әбдікәрімова — қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші. Ол 1988 жылы 14 сәуірде туған. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітіріп, Алматыдағы Жастар театрында еңбек еткен. 2021 жылы Түркістан музыкалық драма театрының труппасына қосылған.

2017 жылы “Арман. Періштелер ұйықтағанда” фильмінде басты рөлді сомдады. Кейін “Ажырасам” отбасылық комедиясында ойнады.

Жұлдыз Әбдікәрімова — әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, бес баланың анасы. Нарұл — олардың ұлдарының бірі.