Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Дина Төреәлі сыннан кейін «Хабар» жобасына қатыса ма? Агенттік жауап берді

Дина Төреәлі сыннан кейін «Хабар» жобасына қатыса ма? Агенттік жауап берді
ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде дипломы туралы пікірімен сынға қалған Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі «Ой тұмар» бағдарламасының негізгі спикерлерінің бірі болмақ. Осыған байланысты «Хабар» агенттігі жобаның тұжырымдамасы мен қатысушылары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ult.kz.

Агенттіктің мәліметінше, Дина Төреәлі (tattti_kyz), Лаура Лесбек пен Риза Данияр бағдарламаға аптасына бір рет шығатын негізгі спикерлер ретінде қарастырылған.

Ал жобаны Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы және Ақмоншақ Нұртаза жүргізеді.

«Ой тұмар» жобасы әртүрлі буын өкілдерінің пікірін жеткізуге арналған. Алдағы уақытта бағдарламаға жасөспірімдерден бастап аға буынға дейінгі көрермендер қонақ болады. Жоба аясында барлық буынның көзқарасына орын беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Дина Төреәлі дипломның адамның жетістігін анықтамайтыны туралы пікірімен әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен еді. Оның «дипломым жоқ, бизнесім бар, табысым бар» деген сөзіне бірқатар оқырман қарсы пікір білдірген болатын.