Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Ақымақ кезде үйленіп алу керек”: Азамат Сатыбалды Еркебұлан Тоқтарға кеңес берді

“Ақымақ кезде үйленіп алу керек”: Азамат Сатыбалды Еркебұлан Тоқтарға кеңес берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Актер Азамат Сатыбалды жұбайымен бірге Еркебұлан Тоқтармен әңгімелесіп, шаңырақ көтеру туралы ой бөлісті. Әңгіме барысында актер ерте үйленудің артықшылығы неде екенін өз түсінігімен жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

Сатыбалдының пікірінше, отбасылық өмірдің қиындығы қай жаста үйленсең де алдыңнан шығады. Тіпті 40-50 жаста шаңырақ көтерген адамға да сол мәселелерді шешуге тура келеді. Актер кей қиындықты кейін еңсеру ауыр болуы мүмкін деп санайды.

“Ақымақ кезде үйленіп алу керек. Сен отбасылық мәселеден 40-50-ге келіп үйленсең де өтесің, ол кезде ауыр болуы мүмкін. Сол үшін ертерек үйленіп, ертерек жауапкершілік алу керек”, – деді Азамат Сатыбалды.

Махаббат пен отбасы жайлы әңгіме әлеуметтік желіде талқыға түсті. Актердің сөзі шаңырақ көтеруге қай жас қолайлы деген тақырыпта түрлі пікірге себеп болды.

Айта кетейік, Сәбит Әбдіхалықов бұрынғы әйелдері туралы әзіл айтты. 

Азамат Сатыбалды кім?

Азамат Сатыбалды – қазақстандық театр және кино актері, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын театр және кино актері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Қостанай облыстық драма театрында бастаған. Кейін Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында өнер көрсетті. Көрерменге “Ағайынды”, “Қара шаңырақ”, “Рэкетир-2” және “Томирис” туындыларындағы рөлдері арқылы танылды.

Сатыбалды Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын басқарған. 2023–2024 жылдары “Қазақфильм” киностудиясының президенті болды. Жұбайы – актриса Назгүл Қарабалина. Ерлі-зайыпты бір ұл тәрбиелеп отыр.