Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бүгінгі валюта бағамы қандай болды?

Бүгінгі валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

2026 жылғы 21 қарашада АҚШ долларының ресми бағамы 455 теңге болды. Бұл алдыңғы ресми бағамнан 6 теңге 28 тиынға жоғары, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша бір еуро 498,77 теңге, бір Ресей рублі 5,56 теңге, бір Қытай юані 68,12 теңге болды. Еуро 4,91 теңгеге, рубль 7 тиынға, юань 81 тиынға қымбаттады. 

Қазақстан қор биржасында (KASE) 20 қараша күнгі сағат 17:00-дегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 455,32 теңгені құрады. 

Kurs.kz дерегін келтірген AIR Press мәліметінше, сенбі күні таңертең Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды 455,50 теңгеден сатып алуға, 455 теңгеге дейінгі бағамен өткізуге болған.