22 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттің айырбастау орындарында АҚШ доллары 455–459 теңгеден сатылды, деп хабарлайды ult.kz.
Ұлттық банктің 22 қарашаға арналған ресми бағамы бойынша 1 АҚШ доллары 455 теңге, 1 еуро 498,77 теңге, ал 1 Ресей рублі 5,56 теңге болды.
Астанада айырбастау орындары долларды 452 теңгеден сатып алып, 459 теңгеден сатты. Еуроның сатып алу бағамы 495 теңге, сату бағамы 505 теңге болды. Рубльді 5,25 теңгеден қабылдап, 5,45 теңгеден сатты.
Алматыда долларды 454,80 теңгеден сатып алып, 456 теңгеден сатты. Еуроны 500 теңгеден қабылдап, 502,50 теңгеден ұсынды. Рубльдің сатып алу бағамы 5,27 теңге, сату бағамы 5,35 теңге болды.
Шымкентте долларды 452 теңгеден сатып алып, 455 теңгеден сатты. Еуроны 497 теңгеден қабылдап, 502 теңгеден сатты. Рубльдің сатып алу бағамы 5,29 теңге, сату бағамы 5,33 теңге болды.