Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Немерем “позор” дейді”: Гүлжамал Қазақбаева өмірінен сыр шертті

“Немерем “позор” дейді”: Гүлжамал Қазақбаева өмірінен сыр шертті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанның халық әртісі Гүлжамал Қазақбаева “Өмір өрнегі” бағдарламасында атақ алғаннан кейін күнделікті өмірі қалай өзгергенін айтты. Сахнагер әлі де қоғамдық көлікпен жүргенді ұнататынын жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.

“Халық әртісі болғаннан кейін де сол баяғыдай бәрі. Немерем ұрысады “халық әртісі болған соң, соған сай киініп жүру керек” деп. Қоғамдық көлікте жүргенді жақсы көремін. Немерем “позор” дейді. Не болыпты, халық жүрген қоғамдық көлік қой, ойланып барасың автобуста”, - деді Қазақбаева.

Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің Мексикадағы жанкүйерлері қазақша ән шырқады. 

Гүлжамал Қазақбаева кім?

Гүлжамал Қазақбаева – театр және кино актрисасы, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол 1949 жылы 7 ақпанда Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Оған “Қазақстанның халық әртісі” атағы 2025 жылы берілді.

Актриса еңбек жолын 1969 жылы Шымкенттегі Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрында бастады. 1978 жылдан бері Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында еңбек етіп келеді. Осы театрдың сахнасында “Қозы Көрпеш – Баян сұлуда” Баянды, “Ақан сері – Ақтоқтыда” Ақтоқтыны, ал Шекспирдің “Гамлетінде” Офелияны сомдаған.

Кинода “Адамдар арасындағы бөлтірік” фильмінде Маржанның анасы, ал “Ағайынды” телехикаясында Ғалия рөлін ойнаған.