Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Ресейлік нөмірін жасырып, жалған мемлекеттік белгі таққан жүргізуші ұсталды

Ресейлік нөмірін жасырып, жалған мемлекеттік белгі таққан жүргізуші ұсталды
Polisia.kz

Абай облысында Hyundai көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін полиция назарына ілікті, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, тексеру кезінде автокөлікке көрінеу жалған мемлекеттік нөмір тағылғаны анықталды. Белгілі болғандай, көліктің бастапқы тіркеу нөмірі Ресей Федерациясына тиесілі болған. Алайда жүргізуші өзге нөмірді пайдаланып, көліктің нақты тіркеу деректерін жасыруға тырысқан.

Полиция қызметкерлері заңбұзушылықты анықтап, жүргізушіге қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылдады.

Еске салайық, Қазақстан заңнамасы бойынша жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірді тағу, осындай нөмірмен көлік басқару әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.