Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Үш баласынан айырылған 51 жастағы ана қайтадан сәби сүйді

Үш баласынан айырылған 51 жастағы ана қайтадан сәби сүйді
lada.kz

Маңғыстау облысында иіс тиіп, үш баласынан айырылған 51 жастағы Күмісай Палекеева қыз босанды. Нәрестеге Ария есімі берілді, деп хабарлайды ult.kz.

Перинаталдық орталықтың мәліметінше, сәби 3400 грамм салмақпен, бойы 52 сантиметр болып дүниеге келген. Анасына кесарь тілігі жасалған. Жүктілік асқынусыз өтіп, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

Күмісайдың айтуынша, ол 51 жасында қайтадан ана атанамын деп ойламаған. Алайда дәрігерлер мен жақындарының қолдауымен экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) процедурасынан өтуге шешім қабылдаған. Отбасы бұл мүмкіндікті қайғылы оқиғадан кейін клиника сыйға тартқан сертификат арқылы пайдаланған.

Әйелдің сөзінше, сәби сүюге деген шешіміне өмірге қайта үмітпен қарауға деген ниеті себеп болған. Сонымен қатар биыл қыркүйекте ерлі-зайыпты 13 жастағы баланы асырап алған.

Еске салайық, бір жыл бұрын Мұнайлы ауданына қарасты «Қаламқас» тұрғын алабында қайғылы оқиға болған. Иіс газына уланып, ерлі-зайыптының үш баласы көз жұмған.