Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Танымал әнші 75 жасына енді толғанда көз жұмды

Танымал әнші 75 жасына енді толғанда көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Британдық Procol Harum рок тобының гитарисі, әнші әрі ән авторы Джефф Уайтхорн 19 қарашада 75 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Сайтта жарияланған қаралы хабарға қарағанда, музыкант қатерлі ісікті емдеу кезінде туындаған асқынулардан Дарент-Вэлли ауруханасында көз жұмған. Соңғы сәтінде отбасы жанында болған. 

Уайтхорн Procol Harum тобы қайта құрылғаннан кейін, 1991 жылы оның құрамына қосылып, үш онжылдық бойы бірге өнер көрсетті. Ол топтың “The Well’s on Fire” және “Novum” альбомдарын жазуға қатысты. 

Музыкант бұған дейін If және Crawler топтарында ойнаған. 1996 жылы The Who тобымен Лондонның Гайд-паркінде және Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында өнер көрсетті. Жеке альбомдар да шығарған.